Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, елордалық «Астана» қорғаушы Марк Гурманмен келісім-шартты бұзғысы келеді.
Айта кетейік, биылғы жылы жаңа келісім-шартқа қол қойған қорғаушы жоғары жалақыға ие болған еді.
Бірақ маусым айында оның әкесі, «Астананың» бас директоры Михаил Гурман денсаулығына байланысты қызметінен кетті.
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Премьер-лиганың өткен маусымында 12 ойын өткізген. Сондай-ақ Конференция лигасында екі ойынға қатысты.
Біздің серіктес: FONBET