Роберт Левандовски Герд Мюллердің тарихи рекордын жаңартты

18.12.2021, 14:24
Поляк шабуылшысы 50 жыл бұрынғы рекордты жаңартты.
Роберт Левандовски Герд Мюллердің тарихи рекордын жаңартты

«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски Бундеслиганың 17-ші турында «Вольфсбургпен» болған матчта гол соқты. Бұл польшалық шабуылшының 2021 жылдағы Германия чемпионатындағы 43-ші голы болды. Осылайша, ол Герд Мюллердің рекордын жаңартты.

1972 жылы Герд Мюллер бір күнтізбелік жылда 42 гол соққан. Одан бөлек, «Баварияның» бұрынғы шабуылшысы 1976 жылы Бундеслигада 36, ал 1968 жылы 35 мәрте мергендік танытқан.

33 жастағы Левандовски осы маусымда Германия чемпионатында 17 ойынға қатысып, 19 гол соқты. Польшалық шабуылшының мюнхендік клубпен келісім-шарты 2023 жылы аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×