«Астана» жоғары жалақы алатын қазақстандық қорғаушыдан құтылғысы келеді

18.12.2021, 04:21
Ол өткен маусымда қосалқы құрамның ойыншысы болды.
«Астана» жоғары жалақы алатын қазақстандық қорғаушыдан құтылғысы келеді

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, елордалық «Астана» қорғаушы Марк Гурманмен келісім-шартты бұзғысы келеді.

Айта кетейік, биылғы жылы жаңа келісім-шартқа қол қойған қорғаушы жоғары жалақыға ие болған еді.

Бірақ маусым айында оның әкесі, «Астананың» бас директоры Михаил Гурман денсаулығына байланысты қызметінен кетті.

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Премьер-лиганың өткен маусымында 12 ойын өткізген. Сондай-ақ Конференция лигасында екі ойынға қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×