Астанада ФИФА семинары өтті

12.12.2011, 03:38
Астанада ФИФА семинары өтті
Қазақстан футбол федерациясының қызметкерлеріне арналған ФИФА семинары үш күнге жалғасты. Шетелдік әріптестер футбол федерациясына қол ұшын беріп жан-жақты қолдау көрсетуді көздеуде. Ең басты мақсат - стратегиялық жоспарды жүзеге асыру. Оны түбегейлі дамыту үшін бірнеше жыл қажет. Оған әйелдер футболы, футзал, барлық ұлттық құрамалар, кәсіби клубтардың барлығы енбек. Футболдың басы-қасында жүрген мамандарға семинардың берері мол, - дейді қонақтар. Ева ПАСКЬЕ, ШЫҒЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ТМД ЕЛДЕРІ БОЙЫНША ФИФА АҒА МЕНЕДЖЕРІ: - Мен ФИФА қызметкері ретінде Еуропаның барлық аймақтарында футбол саласын бақылаймын. Сондықтан да мен әр түрлі деңгейдегі федерацияларды көріп жүрмін. Мен оларды өзара салыстыра аламын. Қазақстан соңғы 10 жылда зор жетістіктерге қол жеткізді. Сіздердің федерацияларыңыз ауқымды жұмыс жасауда.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×