Астанадан Лиссабонға дейін. Бүгінгі күннің басты ойындары

19.08.2015, 01:44
Астанадан Лиссабонға дейін. Бүгінгі күннің басты ойындары
"Астана" - АПОЭЛ. Анонс и прогноз матча Чемпиондар Лигасының кезекті бір тартысты маусымы да басталып келеді. Бірнеше ойындардан кейін топтық турнирде күш сынасатын кіл мықтылар сұрыпталады. Қазақ футболы үшін маңызды ойын Астанада болғалы тұр. Әлемдегі ең тартысты клубтық турнирде ел даңқын асқақтатып жүрген елордалық қайсар "Астанамыз", Кипрдің "АПОЭЛ"-ін қабылдағалы отыр. Сонымен қатар, араға бір жыл үзіліс салып "Манчестер Юнайтед" те Чемпиондар Лигасындағы жолын бастамақ. Көрші Ресейдің "ЦСКА"-сы сонау Лиссабонға қонаққа барады.  "Астананың" қарсыласы жайлы талай айтылды, сарапталды, жазылды. Чемпиондар Лигасының үйреншікті қонағы. Үш жыл бұрын ширек финалға да сапар шегіп қайтқан-тұғын. Әттең, жолында мадридтік "Реал" кездесіп тосқауыл болды. Қысқасы, еншісінде ірі сенсация. Әрине, кипрлік ұжымның фаворит екенін бәрі де мойындап отыр. Біз де, басқа да. Бұл бізге жат жағдай емес. Өткен кезеңдерде де біздің командамызды қарсыласқа баламай, мұрның көкке шүйірген. Былтыр "Челсимен" айқасқан "Марибордың" өзі: "бұрын-соңды бұндай команданы естімедік, бізге қарсылас емес"-деп көпірген еді. Нәтижесін жақсы білесіздер. Ит үреді, керуен көшеді. Біздің жігіттердің қолынан бәрі келеді. Сол "Мариборға" қарсы да, "ХИК"-ке қарсы ойындар соған дәлел. Бастысы, аларымызды алып, жетер жерімізге жеттік деген ой болмау керек. Жанкүйерлер, тіпті кейбір мамандар арасында да, бізге Чемпиондар Лигасына әлі ерте деген кертартпа пікірлер өрбіп жүр. Құласаң нардан құла деген. Тереңге үңіліп қарасақ, осы "АПОЭЛ", бір ай бұрын "Астананың" мықтылығын мойындаған "Марибордан" тіпті де мықты емес. Қалыптасқан мінезден арылмаса, "АПОЭЛ"-ды аттап өтер жігері бар жігіттердің. "Қызыл сойқандар" үшін Фергюссон мырза кеткелі бері Чемпиондар Лигасы арман болғаны дүйім жұртқа мәлім. Луи ван Галдың баптауымен былтыр әупірімдеп жүрім АПЛ-дың төртінші орнына жармасқан Руни бастаған команда, көктемде Еуропа Лигасында шулап, ширек финалда өнер көрсеткен Бельгияның "Брюггесін" қабылдағалы отыр. Бұл ұжым алыптарға қарсы ойнап  шыныққан. Бүгін "Олд Траффордтың" қожайындары әбден қара терге түссе таңғалмаңыз. Үшінші іріктеу кезеңде мәскеулік "армияшылар" чехтың Спартасына қарсы текетіресте ерлік танытқан еді. Өз алаңындағы қауіпті 2:2-ден кейін Слуцкий командасы қарымта ойында 2:0 ұтылып жатып, 3 голды бір-ақ тоғытып кеткен болатын. Енді, "ЦСКА"-ны соғысқа сақадай сай "Спортинг" күтіп тұр. Португалдар ел Суперкубогін еншілеп, ішкі біріншілікте бірнеше ойын өткізіп үлгерді. Демек, команда өз бабында деген сөз. Ресейліктердің де асығы алшасынан түсіп тұр. Бес ойыннан кейін жүз пайыздық көрсеткішпен Премьер-Лигада көш басында. Екі команда да маусымға еніп үлгерді, жарақат алып қатардан шыққан футболшылары жоқ. Демек, Лиссабонда тартысты ойын болары сөзсіз. Бірінші ойында қонақта өткізгендіктен, "ЦСКА" бұл жұпта фаворит саналуда. Ең қызықты, әрі болжап болмайтын жұп "Лацио"-"Байер". Соңғы сегіз жылда Чемпиондар Лигасын ұмытқан римдіктер үшін топтық кезеңге өтуге жақсы мүмкіндік туып-ақ тұр. Алайда, немістің "Байері" де оңай беріле салатын қарсылас емес. Неміс Бундеслигасы басталып, леверкузендіктер алғашқы турда "Хоффенхаймнан" басым болды. Ал, "Лацио" жолдастық кездесулерді қанағат тұтуда. Тек, Италия Суперкубогінде "Ювентуспен" кездесіп, әдеттегідей сөзсіз тізе бүкті. Негізі, қос команда да бүгінде жұмбақ. Дегенмен, соңғы маусымда осы жарыстың 1/8 финалына өтіп, "Атлетикоға" пенальтиден ғана жол берген "Байердің" мысы басым.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×