Астанаға Солтүстік Македониядан келген жанкүйерлер саны белгілі болды

10.06.2025, 16:10

2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан – Солтүстік Македония арасындағы кездесуге Еуропадан келген жанкүйерлер саны анықталды.

 

Астанаға Солтүстік Македониядан келген жанкүйерлер саны белгілі болды

"Астана Арена" стадионында өткен матчты жалпы 27 694 жанкүйер тамашалады. Олардың ішінде Солтүстік Македониядан арнайы келген 7 жанкүйер болды.

Қонақтар елордаға жету үшін, 24 сағат бойы төрт рет рейс ауыстыруға мәжбүр болғандарын атап өтті. Олар Қазақстандықда жылы қарсы алғанына ризашылықтарын білдірді.

Македониялық жанкүйерлерге ерекше әсер еткен жайт – сатылымдағы атрибутикаларда тек "Македония" деген жазудың болуы. Бұл ел 1991 жылдан бастап, 2019 жылға дейін Македония Республикасы деп аталды. Алайда, ел атауына байланысты туындаған даулар нәтижесінде 2019 жылы Грекиямен жасалған келісім бойынша, ресми түрде Солтүстік Македония атауын қабылдады.

Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өткен матч 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×