Ермұхамед Мәулен Солтүстік Македониядан ұтылуымыздың басты себебі жайлы: Беларусьпен осы жасанды алаңда ойнауымыз керек еді...

10.06.2025, 14:50

Танымал спорт журналисі, комментатор Ермұхамед Мәулен Қазақстан құрамасының Солтүстік Македониядан жеңілуінің басты себебін айтты.

Ермұхамед Мәулен Солтүстік Македониядан ұтылуымыздың басты себебі жайлы: Беларусьпен осы жасанды алаңда ойнауымыз керек еді...
Ермұхамед Мәулен

ҚФФ баспасөз-қызметі жетекшісінің пікірінше македониялықтарды ұтуға болатын еді, бірақ бірнеше фактор бұған кедергісін келтірген.  

«Менің ойымша бүгін Қазақстан құрама командасының басты проблемасы – осы матчтың алдында үш күн бұрын жолға алыс сапарға шығып, Беларуське барып, ол жерде табиғи шөпте ойнап, жаңбыр жауды, ұшақпен ұшты, барды-келді. Осының барлығы – шаршау, өйткені Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат секілді футболшылар өздері өте көп футбол ойнаған адамдар, әбден шаршаған. Сондықтан, Беларусиямен осы жасанды алаңда ойнауымыз керек еді, сонда ойынымыз кішкене жақсы жүретін бе еді? Осындай-осындай бір проблемаларымызды көріп тұрмыз. Бірақ, енді амал жоқ, осылай ойластырылды, жағдай осылай болып қалды және кезекті рет жеңілдік. Иә, біреулер айтатын шығар «Македония құрама командасы Бельгиямен тең түскен, Еуропа чемпионатында ойнаған деп», түгі де жоқ, бүгінгі матчта өздеріңіз де көрдіңіздер, ұтуға да, жеңуге де болатын еді. Менің пікірім осындай», - деді Е. Мәулен «ALaDOP» You-Tube-арнасында.    

Айта кетейік, кешегі сәтсіздіктен кейін Әли Әлиевтің командасы өз тобындағы төртінші орынға сырғыды. Қазақстан 3 матчтың екеуінде жеңіліп, бір ойынды жеңіспен аяқтаған болатын (Лихтенштейнді 2:0 ұтып). Ұлттық құрама команда келесі кездесуін 4-қыркүйекте Уэльске қарсы өткізеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×