Қазақ футболының «негізгі проблемасы»? Асхат Тағыберген құрамадағы соңғы сөзін айтты

10.06.2025, 13:10

Солтүстік Македонияға қарсы ойыннан кейін ұлттық құрамадағы мансабына нүкте қойған Асхат Тағыберген матч соңында пікірімен бөлісті.

Қазақ футболының «негізгі проблемасы»? Асхат Тағыберген құрамадағы соңғы сөзін айтты
Қазақстан - Солтүстік Македония кездесуі

«Негізгі проблемамыз – біздің чемпионатта қазақ жігіттердің ойнамауы. Сол қатты қынжылтады. Жаңадан келген басшылар бірнеше жылда барлық олқылықтың орнын толтырып, заң жүзінде реттейді деп сенемін. Президентіміз де стадиондар салып, жастарға қолдау көрсетіп жатыр. Сапалы алаңдар болса, жақсы футболшылар шығады деп ойлаймын. Ал Өзбекстан құрамасын Әлем чемпионатына шығуымен құттықтаймын. Кезінде Тимур Кападземен бірге ойнағанмын. Бауырлас елдің жетістігін біз де жалғастырамыз деп үміттенемін», – деді А. Тағыберген.

Айта кетейік, кешегі сәтсіздіктен кейін Әли Әлиевтің командасы өз тобындағы төртінші орынға сырғыды. Қазақстан 3 матчтың екеуінде жеңіліп, бір ойынды жеңіспен аяқтаған болатын (Лихтенштейнді 2:0 ұтып). Ұлттық құрама команда келесі кездесуін 4-қыркүйекте Уэльске қарсы өткізеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×