«Астанаға» трансферлік тыйым салынуы мүмкін

19.03.2021, 04:55
«Астанаға» айыппұл салынды және 15 күн ішінде қарызынан құтылмаса трансферлік тыйым салынады.
«Астанаға» трансферлік тыйым салынуы мүмкін

"Астана" футбол клубына Дмитрий Шомкоға қарыз болғандықтан трансферлік тыйым салуыны мүмкін. Қазақстан кәсіпқой футболшылар альянсының бас хатшысы Газинұр Алимов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында осы мәселенің мән-жайына тоқталып, елордалық клубтың жазадан құтылу мүмкіндігін түсіндірді.

"Дмитрий Шомко клубтың үстінен шағым түсірді. Бірінші шешім 9 ақпанда қабылданды. Оның талаптары қанағаттандырылды және "Астанаға" қарызды 30 күн ішінде төлеуге мүмкіндік берілді. Клуб бұл шешімді ішінара орындады, бірақ шағым 9 ақпандағы шешімнің толық орындалмағанына байланысты ҚФФ дауларды шешу палатасына қайта тапсырылды. 17 наурызда өткен жиналыста Шомконың талаптары қанағаттандырылып, "Астанаға" 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және бастапқы шешімге сәйкес қарызды төлеуге 15 күн берілді.

Енді клуб айыппұлдан құтыла алмайды, бірақ оның трансферлік тыйымнан құтылуға мүмкіндігі бар. Егер қарыз он бес күн ішінде өтелмесе, трансферге тыйым салу туралы мәселе қаралады.

Мен "Астананың" төлеуі тиіс қаражат көлемін атай алмаймын, оған құқығым жоқ, бірақ менің түсінуімше пайызбен есептегенде жалпы соманың жартысына жуығы өтелген.

Шешімдер бірнеше рет орындалмаған жағдайда басқа жазалар қолданылады. Клуб мұның бәрін орындауға міндетті. Ойыншылармен жасалған келісім-шарттарда барлық дауларды заңды органдардың қарастыратыны және клубтар оның шешімдерін сақтауға және құрметтеуге міндетті екені жазылған.

"Астана" клубында бұл мәселе одан әрі өрши түсуі мүмкін бе? Жоқ, қазір тек Шомконың мәселесі қарастырылуда", - деді Алимов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×