«Славия» клубының қорғаушысын әлдекімдер соққыға жықты

19.03.2021, 14:37
Футболшы нәсәлшілдік әрекетке барған көрінеді.
«Славия» клубының қорғаушысын әлдекімдер соққыға жықты

"Славия Прага" клубының қорғаушысы Ондржей Куделаны Еуропа Лигасының 1/8 финалындағы "Рейнджерске" қарсы матчтан кейін әлдекімдер соққының астына алды.

Қазіргі уақытта футболшыны кімнің ұрғаны белгісіз. "Славия" клубы оқиға орнына полиция шақырды. Олардың жетекшілігімен команда автобусқа мініп, қонақ үйге қарай беттеді. Олар бүгін Прагаға қайта оралады.

Сондай-ақ Куделаның нәсілшілдік әрекетке барғаны хабарланды. Оның "Рейнджерс" ойыншысы Глен Камараны ренжітуі мүмкін екендігі атап өтілді.

"Рейнджерс" клубының бас бапкері Стивен Джерард бұл жағдайға қатысты өз пікірін білдірді:

"Сіз футболда кез-келген ойыншымен қарым-қатынас орнатасыз, және мен де Глен Камарамен өте жақсы қарым-қатынас орнаттым. Глен Камара - менің ойыншыларымның бірі. Мен оның осы мәселеге байланысты айтқан әңгімесіне 100% сенемін - оның айналасындағы басқа ойыншылар да мұны естіген екен. Сондықтан мен Глен Камарамен кездесіп, жағдайдың қалай болғанын анықтаймын. Мен бүгінгі матчта өнер көрсеткен барлық ойыншыларымды мақтан тұтамын. Енді бұл мәселені УЕФА шешуі керек. Мен бұл жағдайды назардан тыс қалдырмайды деп үміттенемін", - деді Джеррард.

Шотландиялық Рейнджерс Еуропа Лигасының 1/8 финалының жауапты матчында "Славияға" есе жіберді - 0:2. Бірінші матч 1:1 есебімен аяқталған еді. Осылайша, "Славия" Еуропа Лигасының ширек финалына жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×