Астаналық «Локомотив» Жереми Нжитаппен келісім-шарт жүргізуде

12.01.2011, 22:43
Астаналық «Локомотив» Жереми Нжитаппен келісім-шарт жүргізуде
Бұл мүмкін емес сыңайлы бірақ, астаналық «Локомотив» командасының сапын Жереми Нжитап толықтыруы абден мүмкін. Бұл жөнінде «Локомотив» командасының жетекшілері әлі толық мәлімет беруге әлі де толық даяр емес. Кей БАҚ өкілдерінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, қазіргі таңда астаналық клуб, соңғы кездері грекиялық «Лариса» командасының сапында өнер көрстіп жүрген жігітпен келісім-шарт жүргізуде. Камерун құрамасы сапында 120- ойын өткізген, 32-жасар Жереми Нжитап жанкүйерлер қауымына мадридтік «Реал», лондондық «Челси» және «Ньюкасл» сынды белді  командаларда көпжылдар бойы өнер көрсетуімен өте жақсы танымал. Ол Африканың ең көп жүлделі әрі міртебелі ойыншыларының бірі болып саналады. Осы уақытқа дейін Қазақстан футбол тарихында мұндай ойыншылар қайсыбір болмасын жергілікті команданың намысые қорғамаған. Егер Жереми Қазақстанға келетін болса  еліміздің ең атақты ойыншыларының тізімін бастайтыны анық.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×