«Астананың» бапкерлік штабындағы мамандар қызметінен кетті

30.12.2021, 19:54
Благоевич клубқа жаңа бапкер алдыртпақ.
«Астананың» бапкерлік штабындағы мамандар қызметінен кетті

«Астана» қақпашыларының жаттықтырушысы Олег Воскобойников клубтан кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Тәжірибелі маман елордалық команданың жаттықтырушылар штабында өткен жылдың ортасынан бастап жұмыс істеді. Ол «Астанада» Николай Родионовтың орнын басқан еді.

50 жастағы Воскобойниковтың орнына клубқа жаңа бас бапкер Срджан Благоевичке жақсы таныс маман келеді. Бұл - «Каспий» қақпашыларының бапкері Милан Стойкович.

Олег Воскобоников ойыншы ретәнде үш рет Қазақстанның үздік футболшысы атанған, ұлттық құрамада ойнаған. «Астанадан» бөлек «Қайраттың» бапкерлік штабында жұмыс істеген.

Қазақстан бапкер Нұркен Мазбаев та «Астанадан» кетті.

Мазбаев соңғы жылдары елордалық клубтың жаттықтырушылар штабында жұмыс істеді, спорт директоры да болды. Футболшы кезінде Қазақстан құрамасының намысын қорғаған.

Айта кетейік, «Астананың» бапкерлер штабынан Максим Жалмағамбетов те кетіп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×