«Қайсар» капитанына «Астана» көз тікті

30.12.2021, 16:59
Футболшыға «Ақтөбе» клубы да қызығушылық танытуда.
«Қайсар» капитанына «Астана» көз тікті

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайсардың» капитаны Думан Нәрзілдаев «Астананың» назарына ілікті.

Нарзілдаев қызылордалық клубта қалғысы келмейді, өйткені «Қайсар» ҚПЛ-дан ұшып кетті. Оған бірнеше команда қызығушылық танытқанымен, Думанның өзі «Астананы» негізгі нұсқа ретінде қарастырады. Алайда елордалық клуб оны алатынына толық сенімді емес, өйткені Нәрзілдаев бұған дейін тек «Қайсарда» ойнап, басқа командаларда бағын сынап көрмеген.

28 жастағы орталық жартылай қорғаушы жақын арада өзінің болашағы туралы шешім қабылдайтын болады, сондықтан «Астана» жылдамырақ әрекет етуі қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×