Кот-д'Ивуар құрамасы аңыз футболшыларды бапкерлік қызметке шақырды

30.12.2021, 16:46
Кот-д'Ивуар Африка кубогінде жоғары нәтиже тіркегісі келеді.
Кот-д'Ивуар құрамасы аңыз футболшыларды бапкерлік қызметке шақырды

Кот-д'Ивуар ұлттық құрамасы Африка кубогi алдында жаттықтырушылар штабын күшейту туралы шешім қабылдады. Prom'Ivoire басылымының хабарлауынша, командаға бұрынғы ойыншылар Дидье Дрогба мен Яя Туре шақыртылған.

Желтоқсан айының басында «Ахмат» 2021 жылдың маусымынан бері клубтың жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген Яя Туренің қызметтен кеткенін хабарлаған еді. Ол А санатындағы лицензияға ие болды.

Ал Дрогба 2017 жылдың желтоқсанында Франция чемпионатының амбассадоры болды, ал биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында спорт және денсаулық жөніндегі бөлімнің елшісі атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×