Вардан Минасян қайтадан «Таразды» баптауы мүмкін

30.12.2021, 13:50
Жамбылдық клубтың басшылығында өзгерістер орын алды.
Вардан Минасян қайтадан «Таразды» баптауы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, армениялық бапкер Вардан Минасянға «Тараздан» тағы да ұсыныс түсті.

Бұған дейін ол қаржылық қиындықтарға байланысты клубтан кеткенін мәлімдеген болатын. Вардан Минасянның тұсында «Тараз» ұзақ уақыт көшбасшылар қатарында болды, бірақ маусымды оныншы орынмен аяқтады.

«Таразға» кеомес бұрын Армения құрамасының экс-тәлімгері «Тобылда» жұмыс істеген.

Желтоқсанның басында Минасян ҚПЛ дебютанты «Ақсумен» де келіссөз жүргізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×