«Астананың» көшбасшы ойыншылары жарақат алды

17.03.2021, 03:26
Қос футболшы «Каспиймен» болатын ойынға қатыспайды.
«Астананың» көшбасшы ойыншылары жарақат алды

"Астана" футболшылары Қазақстан чемпионатының екінші турында ақтаулық "Каспиймен" болатын ойынға дайындықты бастады.

"Астананың" екі көшбасшы ойыншысы Тигран Барсегян мен Марин Томасов алғашқы турда түркістандық "Тұран" командасымен сырт алаңда болған ойында алған жарақаттарына байланысты жаттығуларға және алдағы матчқа қатыспайды.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" мен "Каспий" арасындағы матч 19 наурызда "Астана Арена" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×