Ибрагимович Швеция құрамасына шақырту алды

17.03.2021, 03:35
Шабуылшы Швеция құрамасында соңғы рет 2016 жылы өнер көрсеткен.
Ибрагимович Швеция құрамасына шақырту алды

«Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович Швеция құрамасына шақырту алды, деп хабарлады Швеция футбол федерациясының баспасөз қызметі.

39 жастағы шабуылшы ұлттық құраманың 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Грузиямен және Косовомен, одан бөлек Эстониямен болатын жолдастық кездесуге қатысуы мүмкін.

Ибрагимович Швеция құрамасында 2001-2016 жылдар аралығында ойнаған. 116 ойында 62 гол соғып, ең үздік бомбардир атанды. Златан А сериясының ағымдағы маусымында 14 матчқа қатысып, 14 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×