Эден Азар алдағы жазда болатын Еуропа чемпионатына қатыспауы мүмкін

17.03.2021, 04:05
Эден жарақатынан толықтай айығу үшін ота жасатуды жоспарлап отыр.
Эден Азар алдағы жазда болатын Еуропа чемпионатына қатыспауы мүмкін

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Эден Азар денсаулығына байланысты қиындықтарды бастан кешіруде.

Marca басылымының хабарлауынша, футболшы бірнеше жыл бұрын тобығын зақымдап алған. Сол себепті де соңғы жылдары бұлшықет жарақаттарына көп ұшырауда. Азар осы жарақатынан толықтай айығу үшін ота жасатуы мүмкін.

Ота жасалған жағдайда Эден маусымның қалған бөлігінде командасына көмектесе алмайды. Оның Бельгия құрамасы сапында Еуропа чемпионатына қатысуы да екіталай.

Жарақатынан айыққан Азар 13 наурызда алаңға оралған болатын. Кейінірек ойыншының тағы да жарақат алғаны белгілі болды. Осы маусымда 30 жастағы шабуылшы Ла Лигада тоғыз кездесу өткізіп, екі гол соқты, бір нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×