АТАҚТЫ АДАМНЫҢ АБЫРОЙСЫЗ ТІРЛІГІ

31.10.2014, 01:57
АТАҚТЫ АДАМНЫҢ АБЫРОЙСЫЗ ТІРЛІГІ
Белгілі футболшы Twitter-дегі әдепсіз жазбалары үшін үш ойыннан шеттетілді.
Англияның футбол қауымдастығы «Куинз Парк Рейнжерс» қорғаушысы Рио Фердинандты "Twitter" әлеуметтік желісінде жариялаған дөрекі хабарламалары үшін үш матчтан  дисквалификациялады. Футбол қауымдастығының арызында айтылғандай, хабарламалар тіл тигізетін және әдепсіз болған. Англия құрамасының бұрынғы ойыншысына сонымен бірге, 25 мың еуро айыппұл салынды. Фердинанд «Манчестер Юнайтед» үшін 2002-2014 жылдар аралығында ойнаған ойындары арқылы танымал. Ол клуб үшін 300-ден астам матч өткізді. Қорғаушы алты рет ел чемпионатын, төрт рет Англияның Суперкубогын, екі рет футбол лигасының кубогын, ал 2008 жылы Чемпиондар лигасын ұтты. Фердинанд еркін агент құқығында КПР-мен бір жылға келісімшартқа қол қойды. Тоғыз турдан кейін команда жеті ұпаймен соңғы орынның алдында тұр. ҚазАқпарат
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×