Рауль «Нью-Йорк Космос» ойыншысы атанды

30.10.2014, 19:07
Рауль «Нью-Йорк Космос» ойыншысы атанды
"Реалдың" және Испания ұлттық құрамасының экс- шабуылшысы Рауль футболдағы мансабын АҚШ чемпионатында өнер көрсететін «Нью-Йорк Космос» футбол клубында жалғастырады. АҚШ- тың екінші дивизионындағы «Нью-Йорк Космос» Раульмен көпжылды келісім- шартқа қол қойды. Испаниялық аңыз шабуылшы медициналық тексерістен өткеннен кейін ресми түрде таныстырылу рәсімі өтеді. 37- жастағы футболшы карьеарсын осы клубта аяқтауы мүмкін. Рауль «Реал Мадрид» сапында 550 матчқа қатысып, 228 гол салған. Сонымен қатар «Шалькеде» және катардың «Аль-Садд» футбол клубтарында өнер көрсетті. Ерден Нұрахмет  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×