Лондондық «КПР» «Астон Вилланы» ұтты

28.10.2014, 22:38
Лондондық «КПР» «Астон Вилланы» ұтты
qpr_arsenal_2_1Футболдан Ағылшын Премьер-Лигасының 9-турының соңғы матчында лондондық КПР клубы өз алаңында Астон Вилланы қабылдады. Турнирлік кестеде екі команданың жағдайы мәз емес еді. Әсіресе Куинз Парк Рейнджерс 8-турдан кейін 20 ұжымның арасында 19-орында еді. Сол себептен Гарри Реднапп алаңға үш бірдей шабуылшыны шығарды. Кездесудің 17-минутында Бобби Замораның керемет пасынан кейін Чарльз Остин есеп ашты. Алаң иелерінің жылдам шабуылы өз жемісін берді. Қонақтар алғашқы таймның соңына дейін есепті теңістіруге тырысқан. Алайда кездесудің алғашқы бөлігі 1:0 нәтижесімен аяқталды. Ойынның 69-минутында чилилік шабуылшы Эдуардо Варгас Остинге пас беріп, соңғысы оны қақпаға дәл бағыттай алды. Осы нәтижені сақтауға тырысқан Гарри Реднапп шәкірттері қорғанысқа көбірек көңіл бөле бастады. Қорытынды есеп 2:0, КПР 9-ойыннан кейін 2-жеңістеріне қол жеткізді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×