Дмитрий Черышев «Ертістің» жаңа бапкері

28.10.2014, 22:36
Дмитрий Черышев «Ертістің» жаңа бапкері
Белгілі ресейлік футболшы, бүгінде бапкерлік қызметте жүрген Дмитрий Черышев павлодарлық команданың тізгінін ұстады. Клуб басшылығы Черышевты ойыншылармен таныстырған соң, команданың базасында бірден алғашқы жаттығуын да бастап кетті. Айта кетейік, ресейлік маман 2007-2009-жылдары мадридтік «Реалдың» жасөспірімдер командасын, 2011-2012-жылдары «Зенит» командасының жастар ұжымын баптаған. Футболшы ретінде Ресей ұлттық құрамасының сапында алаңға 13 рет шығып, 1 голдың авторы атанған. Сонымен қатар бапкердің ұлы Денис Черышев бүгінде Испанияның «Вильярреалында» доп теуіп жүр. Ол Еуропа Лигасының плей-офф сатысында «Астана»-«Вильярреал» матчында алаңда ойнаған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×