«Атлетико» 3-ші дивизион клубынан жеңіліп, Испания кубогінен шет қалды

07.01.2021, 06:29
Бұл бірінші мәрте емес.
«Атлетико» 3-ші дивизион клубынан жеңіліп, Испания кубогінен шет қалды

Испания кубогінің 1/32 финалы аясындағы “Корнелья” мен мадридтік “Атлетико” арасындағы ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Матчтағы жалғыз голды 7-минутта “Корнелья” қорғаушысы Адриан Хименес соқты. Ал 63-минутта “Атлетико” қорғаушысы Рикард Санчес қызыл қағазбен “марапатталып” алаңнан қуылды.

Осылайша Симеоне шәкірттері екінші жыл қатарынан үшінші дивизион клубына есе жіберіп, Испания кубогіне таластан шығып қалды. Өткен маусымда “Культураль Леонеса” клубына 1/16 финалда жол берген еді.

Жалпы мадридтіктер Испания кубогінде бесінші рет үшінші лига клубынан айласын асыра алмады. Осыған дейін 1930, 1931, 2011 жылдары дәл осы жағдай қайталанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×