Топ-5 лигада жеңілмеген клуб қалмады

07.01.2021, 14:36
“Милан” да жеңілістің ащы дәмін татты.
Топ-5 лигада жеңілмеген клуб қалмады

А Сериясының 16-турында “Милан” өз алаңында туриндік “Ювентусқа” 1:3 есебімен есе жіберді.

Осылайша Италия чемпионатындағы 27 матчты құраған жеңіліссіз сериясына нүкте қойды. Соңғы рет 304 күн бұрын 2019/2020 жылғы маусымда “Дженоаға” жеңілген (1:2).

”Ювентуспен” ойынға дейін Стефано Пиоли шәкірттері топ-5 лигада жеңілмей келе жатқан жалғыз клуб еді. 27 ойында 20 жеңіс, жеті тең нәтижеге қол жеткізген.

“Милан” бұл ойында жеңілгенмен, 16 тур қорытындысы бойынша 37 ұпай еншілеп, көш бастап келеді. Ал “Ювентус” бір ойын кем өткізіп, 30 ұпаймен төртінші орынға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×