Премьер-лига клубтары украиналық шабуылшыға қызығушылық танытуда

07.01.2021, 16:03
Шабуылшы дәл қазіргі уақытта клубсыз жүр.
Премьер-лига клубтары украиналық шабуылшыға қызығушылық танытуда

Meta-ratings.com.ua сайтына белгілі болғандай, жуырда Эстония чемпионатының өкілі - "Левадия" клубында ойнаған Юрий Коломоец өзінің мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін. ҚПЛ командалары украиналық футболшыға қызығушылық танытып жатыр.

Украина чемпионатында Коломоец "Ворскла" клубындағы ойындарымен танымал. Сондай-ақ, шабуылшы Украина құрамасында бір матч өткізген.

Еске салайық, Юрий Коломоец "Левадия" клубына 2020 жылдың ақпанында "Ворскладан" ауысты. Коломоецтің эстониялық клубпен келісімшарты аяқталды. Және қазір еркін агент болып табылады. 30 жастағы шабуылшы Эстония чемпионатының 24 матчында 9 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×