Мальдинилер Италия чемпионатында «Милан» үшін 1000 ойын өткізді

07.01.2021, 17:34
Футболи әулет.
Мальдинилер Италия чемпионатында «Милан» үшін 1000 ойын өткізді

“Миланның” 19 жасар шабуылшысы Даниэль Мальдини 16-турдағы “Ювентусқа” (1:3) қарсы өткен ойынның 81-минутында алаңға шықты.

Бұл Даниэльдің небәрі алтыншы кездесуі болса да, Мальдинилер әулетінің А сериясындағы 1000-шы матчы болды. Даниэльге дейін атасы Чезара Мальдини мен әкесі Паоло Мальдини “Миланның” намысын қорғаған еді.

52 жасар Паоло Мальдини қазіргі таңда “рассонеридің” техникалық директор қызметін атқарады. Ал Чезара Мальдини 2016 жылы 84 жасында дүниеден озған.

Одан бөлек 24 жасар Кристиан Мальдини бар. Ол да “Миланның” түлегі, бірақ “Про Сесто” клубында өнер көрсетеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×