Давид Алаба мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

07.01.2021, 17:41
Алаба жазда еркін агент атанады.
Давид Алаба мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

"Бавария" қорғаушысы Давид Алаба мансабын "Ливерпульде" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Goal.com.

Дереккөздің хабарлауынша, мерсисайдтық клуб 28 жастағы австриялық футболшыға жылдық жалақысы 10 миллион еуроны құрайтын келісімшарт ұсынған. "Ливерпуль" Алабаны осы жазда еркін агент ретінде алғысы келеді.

Бұған дейін Алаба "Реал Мадрид" ойыншысы атанады деп хабарланған болатын, алайда, бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы хабарларына сәйкес, бұл трансфер орын алмауы мүмкін.

Алаба осы маусымда Бундеслиганың 13 матчына қатысып, 1 гол соқты. Алабаның мюнхендік клубпен қазіргі келісімі 2021 жылдың жазына дейін жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×