Киран Триппьердің неліктен футболдан шеттетілгені белгілі болды

07.01.2021, 17:52
Футболшы достарына оңай ақша табуға көмектескен екен.
Киран Триппьердің неліктен футболдан шеттетілгені белгілі болды

"Атлетико" мен Англия құрамасының қорғаушысы Киран Триппьердің неліктен 10 аптаға футболдан шеттетілгені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Триппьерге 70 мың фунт айыппұл салынып, ақпанның соңына дейін футболдан шеттетілген еді, алайда Киранның ФИФА-ға берген шағымына байланысты бұл шешім уақытша өз күшін жойды. Триппьер букмекерлік кеңселерде бәс тіккені үшін осындай жазаға тартылды, бірақ Киран әлі күнге дейін өз кінәсін мойындамады.

Бүгін жарияланған құжатта Ассоциация Триппьердің өзі бәс тікпегенін, бірақ Киранның 2019 жылдың жазында "Тоттенхэмнен" "Атлетикоға" ауысуы туралы ақпаратты достарына тарату арқылы көмектескенін мәлімдеді.

Футболшы WhatsApp арқылы достарына хабарлама жіберген, ол хабарламалардың бірінде Диего Симеоненің командасына ауысатыны туралы айтып, достарына осы ақпарат арқылы ақша табуға кеңес берген екен. Киранның досы Оливер Хоули өз кезегінде бұл ақпаратты пайдаланып 10 бірдей бәс тіккен көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×