Euroclubindex нұсқасы бойынша «Қайрат» 234, «Астана» 243-орында

07.01.2021, 20:43
Euroclubindex Еуропа клубтарының жаңартылған рейтингісін ұсынды.
Euroclubindex нұсқасы бойынша «Қайрат» 234, «Астана» 243-орында

Euroclubindex порталы Еуропалық клубтардың жаңартылған рейтингісін жариялады.

Үздік жүздікте Қазақстан клубтар бой көрсетпеді. Алматылық «Қайрат» 234-орынға жайғасса, «Астана» бір саты жоғарылап, 243-орынға көтерілді. Тиісінше «Ордабасы» 361, «Тобыл» 363, «Жетісу» 435, «Шахтер» 454, «Қайсар» 470, «Тараз» 509, «Қызыл-жар» 523 және «Оқжетпес» 548-ші орындарды қанағат тұтты.

Көшті мюнхендік «Бавария» клубы бастады. Екінші сатыда «Манчестер Сити», ал үштікті тағы бір англиялық клуб «Ливерпуль» қорытындылады.

Euroclubindex нұсқасы бойынша Топ-10 клуб төмендегідей:

1. «Бавария» (Германия); 

2. «Манчестер Сити» (Англия); 

3. «Ливерпуль» (Англия); 

4. «Барселона» (Испания); 

5. «Реал» Мадрид (Испания); 

6. «Атлетико» (Испания); 

7. «ПСЖ» (Франция); 

8. «Ювентус» (Италия); 

9. РБ «Лейпциг» (Германия); 

10. «Манчестер Юнайтед» (Англия).

Тізімнің толық нұсқасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×