АТЛЕТИКО ЧЕМПИОН АТАНДЫ!

18.05.2013, 17:20
АТЛЕТИКО ЧЕМПИОН АТАНДЫ!
                       атлетико  «РЕАЛ МАДРИД» – «АТЛЕТИКО МАДРИД» 1:2 (1:1). 17 мамыр. «Сантьяго Бернабеу» алаңы. Төреші: Карлос Клос Гомес. Голдар: Роналду 14 (1:0), Коста 35 (1:1), Миранда 99 (1:2). Сары қағаз алды: Туран 38, Коэнтрау 54, Хедира 65, Коста 69, Өзіл 72, Роналду 90+3, Суарес 101, Эссьен 102, Коке 105, Ди Мария 119. Алаңнан қуылды: Роналду 114, Габи 120+5 «Реал Мадрид»: Диего Лопес, Майкл Эссьен, Рауль Альбиоль, Серхио Рамос, Фабио Коэнтрау 91 (Альваро Арбелоа), Хаби Алонсо, Сами Хедира, Месут Өзіл, Лука Модрич 91 (Анхель Ди Мария), Криштиану Роналду, Кәрім Бензема 91 (Гонсало Игуаин). «Атлетико Мадрид»: Тибо Куртуа, Хуанфран, Жоао Миранда, Диего Годин, Фелипе, Марио Суарес, Габи, Коке 112 (Рауль Гарсия), Диего Коста 105 (Адриан), Арда Туран 111 (Кристиан Родригес), Радамель Фалькао. Биыл «Реал» ойыншылары үшін сәтсіз маусым болды. Испания чемпионатында үздік үштікке енді демесеңіз кубок ұтып алмады. Соңғы мүмкіндігі саналған Испания кубогында уысынан шығарып алды. Мадридтік дербиде «Атлетико» футболшыларының жолы болды. Сырт алаңда екі доп салып, тек бір гол жіберді. Фалькао және оның әріптестері Испания кубогының жеңімпаздары. Финалдық кездесуде төреші он сары қағаз, екі қызыл қағаз көрсетті. Бұл қылықты сұмдыққа балағандар көп. Расымен. Коста мен Миранданың салған голдары  «Атлетико» командасына жеңіс алып келді. Роналдудың жалғыз голы өкінішке орай «Реалға» жәрдем бермеді, тек есепті бірге қысқартты. Аламан  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×