«Атлетико Мадрид» қорғаушысы бәс тіккені үшін 12 матчқа шеттетілді

24.12.2020, 03:12
Футболшы Чемпиондар Лигасының матчына да қатыспайды.
«Атлетико Мадрид» қорғаушысы бәс тіккені үшін 12 матчқа шеттетілді

"Атлетико Мадрид" пен Англия қорғаушысы Киран Триппьер бәс тігу ережесін бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды ВВС.

Алғашында 30 жастағы футболшыға жеті бап бойынша айып тағылған, бірақ Триппьер олардың барлығын жоққа шығарды. Алайда, тергеу барысында Киран осы төрт жағдай бойынша кінәлі деп танылды.

Англия футбол қауымдастығы (FA) Триппьерді 10 аптаға дисквалификациялап, 70 мың фунт стерлинг (77 мың евродан астам) айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Жаза тағайындалған сәттен бастап күшіне енеді. Осылайша, ойыншы алаңға наурыз айының басында оралуы керек. Ол "Атлетикоға" 12 матчта, оның ішінде "Челсимен" болатын Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы екі матчта да көмектесе алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×