«Челси» қыста жеті ойыншысын сатуға дайын

24.12.2020, 02:57
Түскен ақшаға Деклан Райсты сатып алғысы келеді.
«Челси» қыста жеті ойыншысын сатуға дайын

"Челси" трансферлік бюджетті көбейту үшін бірнеше ойыншыдан құтылуға дайын, деп хабарлайды Sky sports Italia журналисі Анджело Манжианте.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, "Челси" қысқы трансферлік терезеде Антонио Рюдигер, Андреас Кристенсен, Жоржиньо, Маркос Алонсо, Росс Баркли, Дэнни Дринкуотер және Виктор Мозесті сатуды жоспарлап отыр.

Лондондық клуб "Вест Хэмнің" жартылай қорғаушысы Деклан Райсты сатып алу үшін қаражат іздеуде. Еске салайық, "Челси" жазғы трансферлік терезеде алты ойыншыны қатарға қосқан болатын. Бірақ бірде-бір ойыншысын сата алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×