«Атлетико» Томас Партидің орнын басатын ойыншы сатып алды

04.11.2020, 02:35
«Атлетико» трансферлік кезеңнің аяқталғанына қарамастан ойыншы сатып алды.
«Атлетико» Томас Партидің орнын басатын ойыншы сатып алды

"Атлетико" өзінің ресми сайтында жартылай қорғаушы Жоффрей Кондогбианың "Валенсиядан" ауысқанын жариялады.

27 жастағы футболшы мадридтік клубпен 2024 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды. Мәміле сомасы туралы айтылмады, алайда Marca-ның хабарлауынша, трансферлік құны шамамен 15 миллион еуроны құраған.

Кондогбиа - "Ланстың" тәрбиеленушісі, ол бұл командада 2010-2012 жылдар аралығында ойнады, кейіннен "Севилья", "Монако" және "Интердің" намысын қорғады. Жартылай қорғаушы 2017 жылы "Валенсияға" ауысты. Жоффрей 2013-2015 жылдар аралығында Франция құрамасына шақыртылды, бірақ содан кейін ол Оңтүстік Африка Республикасы үшін ойнаймын деп шешті.

Осы маусымда Кондогбиа Ла Лигада 5 матч өткізіп, тиімді әрекеттермен көзге түсе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×