«Атлетико» жаттықтырушысы коронавирус жұқтырды

13.09.2020 13:05 Ла Лига

«Атлетико» Ла Лигадағы алғашқы матчын 15-қыркүйек күні өткізеді.

«Атлетико» жаттықтырушысы коронавирус жұқтырды

«Атлетико Мадридтің» бас бапкері Диего Симеоне коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Мадридтік клубтың баспасөз қызметі 11 қыркүйек, жұма күні бірінші команда, жаттықтырушылар құрамы және клуб қызметкерлері COVID-19-ға қарсы тестілеуден өткенін хабарлады. Сынамаларды талдау барысында Симеоненің вирус жұқтырғаны анықталған. Аргентиналық маманда аурудың симптомдары жоқ және үйде оқшауланған.

Бұған дейін команданың екі футболшысы коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Олар Диего Коста мен Сантьяго Ариас.

Испания чемпионатының соңғы маусымында Мадридтің «Атлетикосы» 70 ұпай жинап, үшінші орынды иеленген еді. Диего Симеоненің командасы чемпион болған "Реал Мадридтен" 17 ұпайға артта қалды.

0 пікір