Сигурьонссон: «Осы бейсенбіде мықты команда екенімізді дәлелдеуіміз керек»

13.09.2020, 18:16
Сигурьонссон: «Осы бейсенбіде мықты команда екенімізді дәлелдеуіміз керек»

«Астананың» жартылай қорғаушысы Рунар Сигурьонссон Премьер-Лиганың сегізінші турының «Ордабасыға» қарсы ойыны (2:1) туралы пікір білдірді:

- Біз ойлағандай, өте қиын ойын болды. «Ордабасы» мықты қарсылас, бірақ біздің формамыз әлі де керемет алыс. Бірақ әр ойын сайын жақсаратынымызға сенімдімін. Ең бастысы үш ұпай алу болды, біз оны орындадық.

- Қазір Пол Эшуорт командамен жұмыс істеп жатыр. Сіз оның жаттығу процесін қалай бағалар едіңіз?

- Пол бұрын жаттықтырушы болған, сондықтан ол не істеп жатқанын біледі. Ол ойыншыларды және біздің командадағы жағдайды жақсы біледі. Оның басшылығымен жаттығулар жақсы өтті, сонымен қатар біз үш ұпай алдық, ойынымыз бұдан да жақсарады деп сенемін.

- Осы бейсенбіде команда Еуропа лигасының іріктеу матчын Черногория чемпионы "Будучность" командасымен өткізеді. Бұл матчтан не күтесіз?

- Мен тек жеңіс күтемін, біз осы міндетті орындауымыз керек. Бізде үлкен тәжірибе бар, сондықтан бұл біздің артықшылығымыз болады деп ойлаймын. Жалпы, біз мықты командамыз және оны бейсенбіде дәлелдеуіміз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×