«Атырау» бас бапкері қызметінен кетті

26.05.2025, 20:21

“Атырау” клубы биылғы маусымда екінші бапкерімен қоштасты.

«Атырау» бас бапкері қызметінен кетті

“37 жастағы жергілікті бапкер Қуаныш Қабдолов өз еркімен “Атырау” футбол клубы бас бапкерінің міндетін атқарушы қызметін босатты.

Қазақстандық маман биылғы маусым барысындағы қиын кезеңде бас менеджер Дидар Сыдықбектің өтініші бойынша атыраулық команданың тізгінін қайта ұстаған болатын.

Чемпионат аясында “мұнайшылар” Қабдоловтың басшылығымен алты матч өткізіп үлгерді. Маман “Атырау” құрылымынан кетпей, бұрын атқарған біздің QJL командаларымыздың координаторы лауазымына оралады.

“Атырау” футбол клубы Қуаныш Кенжәліұлына өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, ілгергі мансабына сәттілік тілейді”.

Еске салайық, Қуаныш Қабдолов 21 сәуір күні «Атырау» клубының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы ретінде тағайындалған болатын. 

Қазіргі маусымда 12 ойыннан кейін «Атырау» клубы небәрі 4 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×