
«Сәлем, мадридистер! Мен осындамын! Жаңа дәуірдің басталғанына қуаныштымын. Бұл сәт мен үшін ерекше. Баршаңызды құшақ жая қарсы аламын. Алға, Мадрид!» – деді Алонсо клубтың Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Хаби Алонсоның соңғы жұмыс орны Германияның «Байер» клубы болды. Ол бұл команданы 2022 жылдың қазан айынан бастап басқарды. Оның жетекшілігімен леверкузендіктер алғаш рет Германия чемпионы атанып, сондай-ақ Германия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Бұған дейін Алонсо «Реалдың» жастар жүйесінде де табысты жұмыс істеген.
Футболшы ретінде Хаби Алонсо 2009–2014 жылдар аралығында «Реал» сапында ойнаған. Осы кезеңде ол барлық турнирлерде 236 матчқа қатысып, 6 гол соқты және 31 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET