Испания құрамасына бірде-бір «Реал» футболшысы шақырылмады

26.05.2025, 17:24

Испания ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының шешуші кезеңіне арналған ойыншылар тізімін жариялады.

Испания құрамасына бірде-бір «Реал» футболшысы шақырылмады

Бұл жолы құрамда мадридтік «Реал» командасының бірде-бір футболшысы жоқ. Есесіне тізімде каталониялық «Барселонадан» алты ойыншы бар.

Ұлттық құрамада «Барселона» сапынан Ламин Ямаль, Гави, Дани Ольмо, Педри, Фермин Лопес және Пау Кубарси ел намысын қорғайды. Айта кетейік, соңғы маусымды ағылшындық «Борнмутта» өткізген қорғаушы Дин Хёйсен алдағы жазда «Реал Мадрид» клубының ойыншысы атанбақ.

Испания құрамасы 5 маусым күні өтетін жартылай финалда Францияға қарсы ойнайды. Бұл жұптың жеңімпазы 8 маусымда Германия немесе Португалия құрамасына қарсы финалда бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×