«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Данияр Үсенов: неге ұтылғанымызды білмеймін...

26.05.2025, 14:57

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Данияр Үсенов «Жетісуға» қарсы болған ойын туралы пікірін айтты.

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Данияр Үсенов: неге ұтылғанымызды білмеймін...
Данияр Үсенов "Ақтөбе" командасының жаттығуында

ҚПЛ-дің 10-турында ақтөбелік клуб сырт алаңда 1:2 есебімен ұтылып қалған болатын.      

«Бүгін өте қиын ойын болды. Өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Неге ұтылғанымызды білмеймін... Оны енді талқылаймыз. Бұл біздің команданың ортақ жеңілісі. Осы алыстан ат терлетіп келген барша жанкүйерлерге мың алғыс! Бұйырса «Қайратқа» қарсы мықты дайындалып, жеңіске жетеміз», - деді жартылай қорғаушы клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.

Данияр Үсенов биыл премьер-лигадағы 6 матчта 3 ассисттің авторы атанды. Былтыр 24 жастағы жартылай қорғаушы «Жетісу» жейдесіндегі 18 ойында 2 гол салып, 2 ассист берген болатын. Сондай-ақ, мансабында «Қайрат», «Каспий» секілді командалардың намысын қорғаған. Футболшы мен клубтың келісімшарты биылғы жылдың соңына дейін жарамды. Данияр Үсеновтің нарықтық бағасы 175 мың еуро. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×