Сенсациялар шеруі: Қазақстан чемпионатының 10-туры қалай өтті?

26.05.2025, 13:43

24-25 мамыр күндері Қазақстан чемпионатының кезекті туры өтті.
 

Сенсациялар шеруі: Қазақстан чемпионатының 10-туры қалай өтті?

Қандай жайттар тіркелді?

- 7 матчта 21 гол соғылды (6 голды қосалқы құрамнан шыққандар соқты);

- 28 сары қағаз көрсетілді.

 ⁃ 10-тур ойындарын 35 399 адам стадионнан тамашалады.

 ⁃ Ең көп 9 000 жанкүйер «Ордабасы» - «Ұлытау» ойынын тамашалады.

⁃ Петропавл қаласындағы «Қызылжар» - «Елімай» арасындағы 3 ойында да 90 минутта тең тарқасқан.

 ⁃ 10-турда 210 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 127 отандық футболшы (негізгі құрамда 85 ойыншы, қосалқы құрамнан 42 ойыншы) доп тепті.

 ⁃  «Ұлытау» мен «Жетісу» клубтары турнир кестесінде 1-2-орында тұрған ұжымдардан басым түсіп, чемпионаттағы алғашқы жеңістерін тіркеді.

⁃ «Қайсар» сырт алаңда бірінші рет жеңістерін тойлады.

⁃ 16 жастағы Дастан Сәтпаев чемпионаттағы 7-голын соғып, сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.

Қай мемлекеттің өкілдері гол соқты?

Қазақстан - 14 
Сербия - 1
Грузия - 1
Хорватия - 1
Бразилия - 1
Камерун - 1
Ресей - 1
Беларусь - 1

Ойын нәтижелері:

«Қайрат» – «Оқжетпес» – 1:2
«Ордабасы» – «Ұлытау» – 0:1
«Астана» – «Жеңіс» – 4:2
«Жетісу» – «Ақтөбе» – 2:1
«Қызылжар» – «Елімай» – 1:1
«Атырау» – «Қайсар» – 1:2

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×