
«Атыраудың» бас директоры Дидар Сыдықбек команда қатарында біраз өзгерістер орын алатынын айтып, жоспарларымен бөлісті.
Айта кетейік, аптаның басында «мұнайшылармен» келісімшарттарын бірнеше легионерлердің үзгені белгілі болды - беларусиялық жартылай қорғаушы Никита Капленко, грузиялық қорғаушы Георгий Гадрани және португалиялық жартылай қорғаушы Гильермо Мораиш. Жалпы, Д. Сыдықбек қажет болса команда құрамын 80 пайызға жаңартуға дайын екенін де жеткізген еді.
«Тұранмен» ойыннан кейін (0:1) киім ауыстыратын бөлмеде жігітше әңгіме болды, футболшылармен алдағы екі матчта нәтиже болмайтын болса, көпшілігі бірден және ешқандай өтемақысыз кететін болып келістік. Ойыншылар бұл бастаманы қолдады, ең алдымен бұл легионерлерге қатысты. Ақырында жігіттердің намысы оянып, турнирлік кестедегі тікелей бәскелестермен болатын матчтарда нәтиже әкеледі деп үміттенемін. Мен үшін қазір ең бастысы - команданы ҚПЛ-де алып қалу болып тұр. Алланың қалауымен келесі жылы арман командасын қайта жасақтауды жазсын. Ақшасы бар кез-келген жындының қолынан келгенді сен қолдағы барыңмен істеп көрші дей ме», деп түйіндеді өз ойын Д. Сыдықбек.
«Атырау» ҚПЛ-2025-те турнирлік кестеде 3 ұпаймен 13-орында тұр. Бүгін Қуаныш Қабдоловтың командасы көршілес (11-орын) «Жетісуды» қабылдамақ.
Біздің серіктес: FONBET