«Атырау» клубы легионерлерімен қош айтысты

17.05.2025, 14:35

«Атырау» футбол клубы төрт шетелдік ойыншымен келісім-шарттың бұзылғанын ресми түрде хабарлады.

«Атырау» клубы легионерлерімен қош айтысты

«"Атырау" клубы бразилиялық қорғаушы Матэус Барбосамен, беларусьтік жартылай қорғаушы Никита Капленкомен, португалиялық Гильерме Мораишпен және ресейлік шабуылшы Евгений Козловпен келісім-шарттардың өзара келісім негізінде тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдейді.

Клуб ойыншыларға атқарған еңбегі мен команда дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, олардың алдағы спорттық мансабында табыс тілейді», — деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×