Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 31 жастағы бельгиялық футболшы Доньет Шкодра "Атырау" клубына ауысады.
Шкодра "мұнайшылардың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына кеш қосылғанымен, бірнеше жолдастық кездесуге қатысып үлгерді. "Атырау" Доньет пен Жиан Мартинсті жартылай қорғаныста мәселе тудырған позицияларды жабу үшін шақырды.
Алайда, тәжірибелі ойыншы қаңтар мен ақпан айының жартысына дейін жеке жаттыққандықтан, оның физикалық жағдайы нашар - Шкодра әлі де оңтайлы қалыпқа келе қойған жоқ.
Соңғы екі маусымда Доньет қазақстандық клубтарда ойнады: 2019 жылы жартылай қорғаушы Қарағандының "Шахтерінде" доп тепті, өткен маусымда ол "Жетісудың" намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET