«Жетісу» клубының алдағы маусымға арналған мақсаты белгілі болды

06.03.2021, 17:05
Команданың 60%-ы жергілікті ойыншылардан жасақталған екен.
«Жетісу» клубының алдағы маусымға арналған мақсаты белгілі болды

Күні кеше «Жетісу» командасының бас бапкері Ринат Алюетовтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Кездесу барысында Ринат Алюетов команданың дамуы туралы өзінің көзқарасымен бөлісті. Оның айтуынша, команданың 60 пайызы бұрын Бірінші және Екінші лига командаларында ойнаған жергілікті футболшылардан құралған. Бас бапкер атап өткендей, осы жылдан бастап клуб алдында жергілікті футболды дамыту, жас футболшыларды дайындау, олардың әлеуеті мен ойыншылардың тәжірибесін біртіндеп арттыру міндеті тұр.

- Уақыт өте келе, бұған үнемі назар аударатын болсақ, шетелдік легионерлерді тартпай-ақ, команданы тек қазақстандық ойыншылармен жасақтауға болады, - деді Алюетов.

Дегенмен, "Жетісу" Премьер-лигадағы ең жас команда болғанына қарамастан (оның ойыншыларының орташа жасы - 24,6 жас), оған лайықты футбол көрсету, қарсыластармен тең дәрежеде ойнау сияқты үлкен мақсат қойылды. Команда тәлімгерінің айтуынша, барлық жігіттер жекпе-жекке дайын және өз мақсаттарына жету үшін барын салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×