Тимурбек Зәкіров: «Жанкүйерлеріміздің сенімін ақтауға тырысамыз»

06.03.2021, 05:38
Тимурбек бүгін Шацкиймен бәсекеле алатынын дәлелдеді.
Тимурбек Зәкіров: «Жанкүйерлеріміздің сенімін ақтауға тырысамыз»

Қарағандылық "Шахтер" клубының қақпашысы Тимурбек Зәкіров "Қайрат" командасымен өткен матч туралы пікір білдірді.

- Біз "Қайраттан" жеңілгеніміз үшін жанкүйерлеріміздің алдында қателігімізді түсінеміз. Біздің командада гол соғу үшін жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ бүгін сәттілік бізге серік болған жоқ. Ия, біз гол соғып, алға шықтық, бірақ, өкінішке орай, біз қажетті нәтижені сақтай алмадық. Жекпе-жек соңында концентрация жеткіліксіз болды.

Алдыңғы матчтағы сәтсіздіктерден кейін біз жеңуіміз керек еді, бірақ тағы да жанкүйерлерімізді жерге қараттық. Мен қарағандылық жанкүйерлерден кішкене шыдамдылық танытып, бізге сенуді өтінгім келеді, және біз бұл сенімді ақтауға тырысамыз.

«Шахтер» ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×