«Атырау» Чемпиондар лигасындағы дебюттік матчында жеңіліске ұшырады

28.10.2021, 14:03
Атыраулықтар бүгін «Спортингпен» кездеседі.
«Атырау» Чемпиондар лигасындағы дебюттік матчында жеңіліске ұшырады

«Атырау» футзалдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчта жеңіліп қалды.

Қазақстандық клуб словениялық «Добовецпен» кездесіп, 1:2 есебімен қарсыласына жол берді. Қарсылас 30 және 35-минутта гол соқса, Эрик Данило 38-ші минутта көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартты.

Айта кетейік, «Атырау» үшін бұл Чемпиондар лигасындағы алғашқы матч болып саналады. Олар топтық кезеңде португалиялық «Спортинг» және франциялық «Аньер Вильнев 92» командасына қарсы ойнайды.

Бүгін, 28 қазанда, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21:30-да «Атырау» «Спортингке» қарсы екінші ойынын өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×