“Атырау” капитаны кәсіби мансабындағы 700 ойынын өткізді

27.05.2024, 22:46

“Атырау” командасының “Ордабасыға” қарсы Лига Кубогы кездесуі Игорь Стасевич үшін мансабындағы 700 матч болып тіркелді.

“Атырау” капитаны кәсіби мансабындағы 700 ойынын өткізді

Осы бір жетістікке орай, “Атырау” командасы өз капитанына арнайы жейдемен мен естелік сыйлығын табыстады.

38 жастағы ойыншы өз мансабында БАТЭ, “Волга”, “Гомель”, “Динамо” Минск, “Шахтер” және “Атырау” клубтарында доп тепті. Осы командалардың барлығын қосқанда Игорь мансабындағы 700 ойынын тіркеді. 

2023 жылдан бері жартылай қорғаушы “Атырау” намысын қорғап келеді. Қазақстандық клубта жалпы алғанда Стасевич 29 ойын өткізіп, 2 гол соқты.

Айта кетейік, “Атырау” мен “Ордабасы” арасындағы Лига кубогы кездесуі 0:0 есебімен аяқталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1

Тегтер:

Атырау ФК
Серіктес жаңалықтары
×