Қазақ баласы келесі маусымда Ла Лигада ойнайды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
28.05.2024, 10:49

«Реал Вальядолидтің» жастар командасының қатарын толтырған Мұхаммед Еңсебаев келесі маусымда Ла Лигада ойнауы мүмкін. Себебі, испаниялық клуб биыл Сегундадан жоғары дивизионға көтерілді

Қазақ баласы келесі маусымда Ла Лигада ойнайды
Мұхаммед Еңсебаев "Вальядолид" командасының жейдесімен

«Реал Вальядолид» кеше Сегунданың 41-туры аясында «Вильярреал В» командасымен кездесіп, 3-2 есебімен басым түсті. Қазақстандық жартылай қорғаушы бұл матчқа қатысқан жоқ. «Реал Вальядолид» Сегунданың 41 турынан кейін 72 ұпай жинап, бірінші орында келеді. Айта кетейік, Мұхаммед Қазақстан U-19 құрамасының бірнеше футболшысымен бірге испаниялық клубтардың қаралымынан өткен. Қазақстандық ойыншылар қатысқан арнайы бағдарламаны Matador Academy мен Sport Arts агенттігі бірлесіп өткізгендігі мәлім. Қаралым барысында жас футболшы «Вальядолид» бапкерлерінің көңілінен шығып, испаниялық командамен 3 жылға келісімшартқа қол қойды. 

      

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 26
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×