«Атырау» клубында ауыс-түйіс. Бірақ бас бапкер ауысқан жоқ

11.04.2025, 15:54

Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, Тимур Үкібаев “Атырау” клубының директоры қызметіне тағайындалды.

«Атырау» клубында ауыс-түйіс. Бірақ бас бапкер ауысқан жоқ
Магомед Адиев

Ол осыған дейін мұнайшылардың бапкерлік қосынында қызмет атқарған. Ал осыған дейін директор лауазымында болған Дидар Сыдықбек бас менеджер қызметіне тағайындалған көрінеді.
Атыраулық клубтың бас бапкері Константин Горовенко өзінің орнында қала беретін болды. Жаңа басшы қазақстандық маманға толық сенім артып, ары қарай да жұмыс істеуіне жағдай жасайтынын жеткізді.

Естеріңізде болса, осыған дейін біраз БАҚ-та «Атырауды» Магомед Адиев тізгіндейді деген ақпарат тараған болатын. «Мұнайшылардың» бұрынғы директоры Дидар Сыдықбекпен ресейлік бапкер ауызша келісімге келіп қойды делінген. Бірақ енді атыраулық клубтағы соңғы ауыс-түйістерге қарағанда Магомед Мұсаұлы ҚПЛ-ге келмейтін секілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×