«Атырау» ойыншысына қол көтерген төреші жазаға тартылмақ

14.03.2021, 18:47
Кешегі матчта Арман Исмуратов қазылық еткен болатын.
«Атырау» ойыншысына қол көтерген төреші жазаға тартылмақ

Күні кеше Премьер-лиганың алғашқы туры аясында өткен «Атырау» – «Шахтер» ойынынан соң төреші ойыншыға қол көтерді.

Инсайдер Айдын Қожахмет кеше «Атыраудың» 20 жастағы жартылай қорғаушысы Сәбит Тастанбеков матчтың бас төрешісі болған Арман Исмуратовқа қол көтерді деп хабарлаған еді. Ал бүгін жағдайдың мүлдем керісінше болғанын көрсететін видеодәлел ұсынды.

ҚФФ төрешілік және инспекция департаментінің директоры Сергей Кенетаев матч аяқталғаннан кейін болған эпизод туралы пікір білдірді:

«Чемпионаттың бірінші турындағы «Атырау» мен «Шахтер» арасындағы кездесуден кейін киім ауыстыратын бөлмеде ойынның бас төрешісі мен «Атырау» ойыншысының қатысуымен кикілжің орын алды. ҚФФ төрешілік және инспекция бөлімі барлық қажетті материалдарды жинады және төрешілер комитетіне жіберді. Берілген материалдар мен нормативтік құжаттар негізінде комитет жақын арада шешім қабылдайды», - деді Кенетаев.

Естеріңізге сала кетейік, Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өткен кездесу 0:1 есебімен қарағандылық клубтың пайдасына аяқталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×